Қазақ дзюдошылары Бакуде өтетін "Grand Slam" турниріне қатысады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ fdk.kz

Екі күнге созылатын турнирге 60 елден 519 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Ұлттық құрама сапында 11 спортшы татамиге шығады.

Ерлер:

Бауыржан Нарбаев (-60 кг)
Мағжан Шамшадин (-60 кг)
Есет Қуанов (-66 кг)
Сұңғат Жұбатқан (-66 кг)
Жанболат Бағтбергенов (-73 кг)
Мадияр Сембаев (-73 кг)
Виктор Демьяненко (-100 кг)

Қыздар:

Анна Казюлина (-52 кг)
Ақниет Тұрдан (-63 кг)
Зере Бектасқызы (-70 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)

Жуырда ғана дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысып қайтқан болатын. Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен сары құрлықтың басты додасында қазақ дзюдошылары 1 алтын 2 күміс 3 қола медаль еншілеген еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама