Қазақ боксшысы әлем чемпионатының үздігі атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ instagram.com/boxingkazakhstan

67 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз финалда кубалық Давид Эспиноса Сантояны айқын жеңіп шықты. Ал оған дейін жартылай финалда Қытай елінің боксшысын, ширек финалда өзбек Акбар Ахмадовты жүлдесіз қалдырған болатын. 

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан - жастар мен жасөспірімдер арасында төрт рет Азия чемпионы атанған алғашқы боксшы. Ол ересектер арасында әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қатысушысы Махмұд Сабырханның інісі. 

Төрехан Сабырхан спорттық мансабында бірде-бір жарыста жеңіліп көрмеген. Келер жылдан бастап ересектер дивизионына ауысатын болады.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Отандастарымыз 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль еншіледі.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама