Қазақ боксшыларының Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары
Кеше өткен жеребе нәтижесі бойынша отандастарымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Бірінші болып бүгін шаршы алаңға 64 келіге дейінгі салмақта Бекдәулет Ыбрайымов малайзиялық Хир Азмимен жұдырықтасады.
49 келі. 1/8 финал. Жомарт Ержан - Хон-Да Линь (Тайбэй) - 1 мамыр (кешкі сессия)
52 келі. 1/8 финал. Азамат Исақұлов - Танес Онгджунта (Таиланд) - 2 мамыр (кешкі сессия)
56 келі. 1/8 финал. Қайрат Ералиев - Сирожиддин Абдуллаев (Қырғызстан)/Марио Баутиста (Филиппины) - 1 мамыр (күндізгі сессия)
60 келі. 1/8 финал. Әділет Құрметов - Алназирул Отман (Малайзия) - 2 мамыр (күндізгі сессия)
64 келі. 1/16 финал. Бекдәулет Ыбрайымов - Хир Азми (Малайзия) - 30 сәуір (күндізгі сессия)
69 келі. 1/8 финал. Абылайхан Жүсіпов - Хироаки Кинджо (Жапония) - 2 мамыр (кешкі сессия)
75 келі. 1/8 финал. Әбілхан Аманқұлов - Чиа-Вей Кан (Тайбэй)/Инь Хан Вэнь (Қытай) - 1 мамыр (кешкі сессия)
81 келі. 1/8 финал. Ерік Әлжанов - Эркин Адылбек Уулу (Қырғызстан) - 2 мамыр (күндізгі сессия)
91 келі. 1/4 финал. Василий Левит- Санжар Турсунов (Өзбекстан)/Хьен Кю Ким (Оңтүстік Корея) - 3 мамыр (таңғы сессия)
+91 келі. 1/8 финал. Қамшыбек Қоңқабаев - Ерболат Тулыек (Моңғолия) - 2 мамыр (кешкі сессия).
Ташкенттегі Азия чемпионатына 29 елден 200-ге тарта боксшы қатысады. Қытай, Үндістан, Иран, Йордания, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Пәкістан, Шри-Ланка, Тәжікстан, Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары толық құрамда (10 боксшыдан) қатысады.
Осы жылғы Азия чемпионатына Біріккен Араб Әмірлігінің боксшылары алғаш рет қатыспақ. Сондай-ақ 2002 жылдан бұл жарысқа қатыспай кеткен Сингапур елінің боксшылары да Ташкент төрінде жүлдеге таласатын болады.
Бүгін басталатын Азия чемпионатында Гамбургте (Германия) өтетін әлем чемпионатына 60 жолдама беріледі. Яғни, әр салмақта үздік алтылыққа енген боксшылар ие болады.