Қазақ боксшылары Шанхай шаршы алаңында бақ сынайды
Қытайдағы бокс бәсекесі 2-9 маусым аралығында өтеді. 7 боксшымыз Шанхай шаршы алаңында бақ сынайды. Олардың қатарында Жасөспірімдер олимпиадасына қатысқан боксшылар және ел Спартакиадасында көзге түскін жас таланттар бар. Ал ересектер құрамы Азия чемпионатынан кейін аз уақытқа демалысқа шыққан.
Атап айтсақ, Шалқар Айқынбай (49 кило), Нұрбол Қалжанов (56 кило), Саматәлі Төлтаев (60 кило), Талғат Шайкен (69 кило), Нұрбек Оралбай (81 кило), Айбек Оралбай (91 кило) және Дамир Тойбай (+91 кило) қатысады.