Қазақ боксшылары сары құрлықта қарсылас шыдатпады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk

Сары құрлықтың басты додасының финалына 6 қазақстандық боксшы шықты. Финалдық жекпе-жекте Олжас Сәттібаев, Данияр Елеусінов, Василий Левит және Иван Дычко қарсыластарынан басым түсті. Ал Закир Сафиуллин моңғол Дорьнямбуу Отгондалайға есе жіберіп алды. Ал Әділбек Ниязымбетовтің қарсыласы өзбек Эльшод Расулов жарақатына байланысты финалда жұдырықтасқан жоқ.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/embed/eyoov4ucX3Q","frameborder":"0","width":"900","height":"500"});

Азия чемпионатының финалына Өзбекстанның 7 боксшысы шыққан болатын. Оның 5-еуі финалда сүрініп, 2 боксшысы ғана жеңіс тұғырынан көрінді. Нәтижесінде 2 алтын 5 күміс 1 қола медальмен Қазақстаннан кейін екінші орын алды. Үштікті 2 алтын жүлдемен тай боксшылары түйіндеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама