Польша елінің астанасы Варшавада Феликс Штамм атындағы халықаралық турнир басталды. Биыл бұл жарыс 35-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың алғашқы күні шаршы алаңға 4 боксшымыз шықты. WSB сериясында 2 жыл қатарынан үздік боксшы атанғанАсланбек Шымбергенов(69 кг) алғашқы кездесуінде поляк боксшысыМаксимилиана Гибадлоныайқын жеңді. 56 кг-ға дейінгі салмақтаІлияс Сүлейменовболса түрікмен боксшысыЯкуб Мередовтанайласын асырды. Өкінішке қарай, қазақстандық екі боксшы жарысты алғашқы айналымда-ақ аяқтады. 52 кг салмақтаАзамат ИсақұловИзраиль елінің былғары қолғап шеберіДавид Алавердянға(2:3) жол берді. Ал 60 кг-даБерік Әбдірахмановресейлік боксшыАртур Субханкуловқаесе жіберді. Бүгін күндізгі сессияда (сағат 16:00)Бекдәулет Ибрагимов(64 кг) алғашқы кездесуіне шығады. Кешкі сессияда (22:00)Ержан Жомарт(49 кг),Ілияс Сүлейменов(56 кг) пенАйболды Дәуренұлы(+91 кг) шаршы алаңға шығады. ЕртеңАбай Төлеш(75 кг),Әділбек Ниязымбетов(81 кг) пенАнтон Пинчук(91 кг) алғашқы жекпе-жектерін өткізеді. Жарыс 16 наурызға дейін жалғасады. Айта кетейік, бірер күн бұрын қазақ боксшылары Хельсинкидегі халықаралық турнирге қатысқан болатын. Онда отандастарымыз олжалы болды. Жарыс жолына шыққан 6 боксшымыз да жүлделі орыннан көрінді. 5 алтын, 1 күміс алып, жалпы бейресми есепте бірінші орын алды. Бокстан Қазақстан құрамасы үшін 2018 жылдың басты жарысы тамыз айында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия ойындары. Халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен боксшылар осы додада ел намысын қорғайды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысыМырзағали Айтжановайта кеткендей, Азия ойындарына қатысатын боксшылар шілде айында белгілі болады.