Бокстан Болгария елінің астанасы Софияда Страндж халықаралық турнирі аяқталды. Биыл 69-ші рет ұйымдастырылған жарысқа қазақ боксшылары да қатысты. Болгарияға Қазақстан құрамасын жаттықтырушыНұрғали Сафиуллинбастап барды. 10 боксшымыздың 5-і жүлделі орыннан көрінді. 64 кг-ға дейінгі салмақтаСабыржан Бекбергеновжарыс жеңімпазы атанды. Отандасымыз финалда украин боксшысыИван Данчаныұтты.Нұрбол Қалжанов(56 кг),Қанағат Маралов(69 кг),Михаил Коханчик(81 кг) пенАбзал Құттыбеков(91 кг) қола жүлдеге қол жеткізді. Жалпыкомандалық есепте 3 алтын 2 қола медаль еншілеген Болгария құрамасы бірінші орын алды. Екінші орынға Үндістан құрамасы (2 алтын 1 күміс 1 қола) ие болса, үздік үштікті Украина құрамасының боксшылары (2 алтын 1 күміс) түйіндеді. Қазақстан құрамасы 6-орынға тұрақтады. Қазақ боксшылары 8-12 наурыз аралығында Финляндиядағы Gee Bee халықаралық турниріне қатысады. Ол жарысқаОлжас Байниязов(52 кг),Қайрат Ералиев(56 кг),Закир Сафиуллин(60 кг),Абылайхан Жүсіпов(69 кг),Әбілхан Аманқұл(75 кг),Бек Нұрмағамбет(81 кг),Василий Левит(91 кг) пенҚамшыбек Қоңқабаев(+ 91 кг) барады.