Қазақ боксшылары алғаш рет Олимпиадаға толық құрамда қатысады
52 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз қосымша жолдамаға таласта қырғыз боксшысы Азат Үсеналиевті 3:0 (29:28, 30:27, 30:27) есебімен жеңді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында Қытайға аттанған тоғыз боксшының жетеуі Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Тек Назым Қызайбай мен Назым Ишанова ғана жолдамаға ие бола алмады.