Қазақ балуаны кадеттер арасында әлем чемпионы атанды
29 шілде – 4 тамыз аралығында өткен байрақты бәсекеде грек-рим күресінен 45 келі салмақ дәрежесінде белдескен Саматбек Ізімғали қарсылас шақ келтірмеді. Алғашқы айналымда отандасымыз Еуропа чемпионы, әзербайжан балуаны Фарид Садихлиді 15:4 есебімен тас-талқан етіп, артынша үнді спортшысы Харштан (9:0) айласын асырды. Жартылай финалда иран балуаны Махди Ахади Зенабаны (7:0) жеңіп, шешуші кездесуде өзбек спортшысы Асадбек Бахромовты бір минутта ұтып шықты.
Бұған дейін Саматбек Ізімғали Нұр-Сұлтан қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарған еді. Осылайша әлем чемпионатында грек-рим шеберлері үш жүлде алды. Ербол Камалиев пен Мақсат Сайлау үздік үштіктен көрінді.
Публикация от KAZAKHSTAN OLYMPIC TEAM (@olympickz)5 Авг 2019 в 1:03 PDT
Әр жылдарда Кадеттер арасында әлем чемпионы атанған қазақстандық балуандар:
1993 жыл. Владимир Ткаченко (83 келі).
1994 жыл. Валерий Матвиенко (83 келі).
1997 жыл. Айдын Сәрсекеев (48 келі).
1999 жыл. Дәурен Баяхметов (46 келі).
2011 жыл. Мейрамбек Айнағұлов (50 келі).
2014 жыл. Ернар Фидахметов (54 келі).
2019 жыл. Саматбек Ізімғали (45 келі).