Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ Сали Сабиров

55 кило салмақта Қорлан Жақанша әлем чемпионатының финалына шықты. Ол жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы, әзірбайжандық Эльданиз Азизлиді жеңіп, финалға жолдама алды.  Өте тартысты өткен белдесуде қазақ балуаны 11:5 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық жекпе-жек ертең өтеді. Шешуші белдесуде Қорлан Жақанша грузиялық Нугзари Цурцумиямен кездеседі. 

63 кило салмақта белдескен Алмат Кебіспаев жартылай финалда өзінің байырғы қарсыласы, жапондық Ота Шинобуға есе жіберді. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының 1/8 финалында Алмат тап осы балуаннан ұтылған болатын. 

Бірінші кезеңде Алмат 1:0 есебімен алда тұрған. Алайда, екінші кезеңде жапондық балуанның әдістері сәтті шығып, 10:1 есебімен жеңіске жетті.  Осылайша, Алмат әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады. 

Қазақстан құрамасы сапында белдесуге шыққан Демеу Жадыраев (72 кило) пен Мақсат Ережепов (82 кило) жүлделі орыннан сырт қалды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама