Қазақ балуаны әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазақ балуаны грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта белдесті. Финалда отандасымыз Әзербайжан балуаны Нихат Маммадалиге 6:1 есебімен жол берді.
Ержет – егемендік алған жылдан бері грек-рим күресінен әлем чемпионатының финалында күрескен тоғызыншы қазақ балуаны.
Грекия астанасы Афиныда 1999 жылғы чемпионатта Мхитар Манукян (63 кг) алтыннан алқа таққан. Осы аралықта Алмат Кебіспаев, Мейрамбек Айнағұлов, Демеу Жадыраев, Қорлан Жақанша, Ержет Жарлықасын сынды бозкілем шеберлеріміз финалға шыққанымен, әзірге бас жүлде бұйырмай келеді.
Айта кетелік, Ержет Жарлықасын биыл Бішкекте (Қырғызстан) Азия чемпионатында алтын медаль алған.