Қазақ балуаны 1 жылда екі рет әлем чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ ҚР СДД

Ризабек 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. 97 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Иран елінің балуаны Махди Морафадан айласын асырды. Қарсыласын шешуші белдесуде 11:6 есебімен жеңіп шықты.

Отандасымыз финалға дейін 3 балуанды жеңіп шықты. Алғашқы белдесуінде Канада елінің балуанын 11:0 есебімен уақытынан бұрын ұтты. Ал ширек финалда Беларусь спортшысын да 10:0 есебімен жеңді. Ал финалға шығар сында ресейлік Шамил Гаджиалиевті 7:4 есебімен жарыс жолынан шығарды. 

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан - ересектер және жастар арасында чемпион атанған тұңғыш қазақ балуаны. Ол 2023 жылы Белградта алтын алған еді. Ал биыл Понтеведрада (Испания) 20 жасқа дейінгі балуандар арасында да чемпион болған. Осылайша, 1 жылда екі рет әлем чемпионы атанып отыр.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама