Қазақ балуандары Орынбордан олжалы оралды
90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғаған Айбек Нұғымаров финалда ресейлік Сослан Челохсаевты жеңіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды. Абслоюттік салмақ дәрежесінде белдескен Мұхит Тұрсынов та қарсыластарының жауырынын жер иіскетіп, екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Сондай-ақ, 55 келіде Айдос Сепылұлы, 60 келіде Ғайни Келдiқұлов, 70 келіде Ғалымжан Абдрахманов және 80 келіде Тоқтар Қарқатеров та қарсыластарына дес берген жоқ. Тек 90 келіге дейінгі салмақта күрескен Мақсат Исақабылов қана жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.
Айта кетейік, қазақ күресінен өткен бесінші әлем чемпионатына Қазақстан құрамасынан өзге Австрия, Венгрия, Германия, Грекия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Моңғолия, Ресей, Түркия, Франция, Финляндия, Швеция, Эстония және басқа да елдердің балуандары қатысты. Бірінші орыннан көрінген спортшыға 2 000 АҚШ доллары берілсе, екінші орын алған балуанға - 1 000 АҚШ доллары, үшінші орынды иеленген боз кілем шебері 500 АҚШ долларын иеленді.
Сурет: massaget.kz