Қазақ балуандары Италияда өтетін халықаралық турнирге қатысады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Сассаридегі жарыс рейтингілік турнирлер қатарына енеді. Әлемнің 29 елінен келген балуандар бақ сынап, жеңіс пен ұпай жолында барын салмақ. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар.

Жарыстың алғашқы күндері грек-рим күресінен жеңімпаздар анықталады. Одан кейін жарыс әйелдер күресімен жалғасады. Турнирді еркін күрес шеберлері аяқтайды.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы:

61 кило: Жандос Исмаилов, Расул Қалиев
65 кило: Саятбек Оқасов
70 кило: Нұрғожа Қайпанов, Н. Әлімқұл
74 кило: Данияр Қайсанов
79 кило: Шамиль Мұртазов, Ғалымжан Өсербаев
86 кило: Азамат Дәулетбеков
92 кило: Нұрғали Нұрғайыпұлы
97 кило: Бақдәулет Әлментай
125 кило: Олег Болтин 

Әйелдер құрамасы:

50 кило: Валентина Исламова-Брик
53 кило: Татьяна Аманжол
55 кило: Марина Седнева
57 кило: Эмма Тисина
59 кило: Мадина Бақбергенова
62 кило: Аяулым Қасымова
65 кило: Айна Теміртасова
68 кило: Ирина Казюлина
72 кило: Жамила Бақбергенова
76 кило: Гүлмарал Еркебаева, Элмира Сыздықова

Ұлттық құрама үздіктерінің бірі Жұлдыз Ешімова жарақатына байланысты жарысқа қатыспайды. Ол Түркиядағы Яшар Догу турнирінде күреседі деп күтілуде. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама