Қазақ балуандары финалға жолдама алды

О Сансызбай Корреспондент

Боз кілемге алғаш болып көтерілген Абзал Арыстанбеков пен екінші болып шыққан Қайрат Ағыбаев қарсыластарына басымдығын мойындатты. Ал үшінші белдесуде Дәулетхан Жақыпов Заур Гагнидзеге есе жіберді. Аздап жарақат алып қалған жерлесіміз соңғы сәттерде сылбырлық танытып алды. Шешуші мәнге ие болған Мұхит Тұрсынов пен Гиоргий Коберидзе белдесуі де тартысқа толы болды. Белдесудің аяқталуына 1 минуттай уақыт қалғанда жерлесіміз әдіске салып, ұпай айырмашылығы бойынша жеңіске жетті. Нәтижесінде мезгілінен бұрын финал жолдамасын иеленді.

Бесінші белдесуде Айбек Нұғымаров та қарсыласының мысын басып, есепті 4:1 нәтижесімен аяқтады. Отандастарымыз моңғол мен тәжік балуандарының мықты шыққанымен финалда кездесетін болады. Егер моңғол балуандары жеңіске жетіп жатса, екінші жыл қатарынан екі құрама финалда кездесетін болады.

Сурет: massaget.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама