Қазақ балуандары Болгариядан олжалы оралды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ unitedworldwrestling.org

Д.Колов пен Н.Петров атындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 6 қола медаль еншіледі.

61 кг салмақта еркін күрес шебері Нұрислам Санаев финалда үндістандық Сендаап Томарды 10:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Финалға дейін жеткен Қорлан Жаханша (55 кг, грек-рим күресі) ресейлік Виталий Кабалоевке жол беріп, күміс медальды қанағат тұтты. Қыздар арасында Марина Седнева да (55 кг) шешуші белдесуде шалынып, күміс алды.

Грек-рим күресінен жүлдеміз көп болды. Көп болғанда, көпшілігі қола медаль. Хусейн Муцольгов (87 кг), Аманғали Бекболатов (55 кг), Мейіржан Шермахамбет (67 кг) және Темірлан Шадукаев (77 кг) үшінші орыннан көрінді.

Қыздар арасында өз салмақтарында Жұлдыз Эшимова (55 кг) мен Эльмира Сыздықова (76 кг) қола медаль алды.

Жарыс жеңімпаздары 8 баллға ие болды. Күміс медаль алған балуан 6 балл еншілесе, үшінші орын иегеріне 4 баллдан берілді. 4-5 орын иегерлері 2 баллдан алды.

Айта кетейік, күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионаты қыркүйек айында Астанада өтеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама