Джакартадағы Азия ойындарының алғашқы күні еркін күрес балуандары боз кілемге шықты.Данияр Қайсанов күміс жүлдегер атанса,Саятбек ОқасовпенӘділет Давлумбаевқола жүлдеге қол жеткізді. Бірінші күні қазақстандық балуандар 4 салмақта жарыс жолына шықты. 57 кг салмақ дәрежесіндеЖандос Исмайыловалғашқы белдесуінде Ауғанстаннан келген балуанды жеңді. Екінші белдесуінде ҚХДР балуаныКумсонг Кангкежол беріп, жарысты аяқтады. 97 кг салмақтаБақдәулет Әлментайда жүлделі орынға ілікпеді. Алғашқы кездесуінде моңғол балуанына есе жіберді. 74 кг салмақтаДанияр Қайсановфиналға дейін жетті. Алтын медальға адым жер қалғанда сүрінді. Ол ширек финалда вьетнамдықКан Таи Дудан, жартылай финалда оңтүстік кореялықГонг Вунг Муннанбасым түсті. Алайда финалда өзбек балуаныБекзод Абдрохмоновтанайласын асыра алмады. Данияр Тбилисиде өткен Гран-при жарысында Бекзодтан 10:0 есебімен жеңілген еді. Бұл жолы 3:2 есебімен жол берді. Бекзод Азия біріншілігінің, Азия ойындарының жеңімпазы. Саятбек Оқасов(65 кг) пенӘділет Давлумбаев(86 кг) қола жүлдегер атанды. Саятбек жарысты 1/8 финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде оңтүстік кореялықЛи Сун Чолды, одан кейін Қытай қазағыЕрланбек Кәтейдіжеңді. Ал жартылай финалда жапониялықДаичи Такатаниденжеңілді. Қолаға таласта түркіменстандықБатыр Боржаковтанбасым шықты. Әділет Давлумбаевбірінші белдесуінде тәжік балуанын айқын жеңді. Ширек финалда Ауғанстаннан келген қарсыласын жарыс жолынан шығарды. Жартылай финалда ливандық балуанға жол беріп алды. Кейіннен қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алып (ливандық балуанға финалға шыққаннан), өз сәтін оңтайлы пайдаланды. Қырғызстандық қарсыласын ұтып, қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде1 алтын, 1 күміс, 2 қоламенжалпы есепте бесінші орында келеді. Алтынды семсерлесуденДмитрий Алексаниниеленді.