Қазақ балуандары Азия чемпионатының финалына шықты
Грек-рим күресінен 63 кило салмақта белдескен Ержет Жарылқасын жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 5:3 есебімен ұтты.
Финалда қазақстандық балуан жапониялық Аята Сузукимен күреседі.
Ержет Жарылқасын ересектер арасындағы ел чемпионы, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы.
Бішкектегі турнир барысында ол Оңтүстік Корея балуанын 6:4 есебімен ұтса, кейін Сауд Арабия өкілінен басым болды.
87 кило салмақта белдескен Нұрсұлтан жартылай финалда өзбек балуаны Рахымжан Ұзақовты айқын басымдықпен, мерзімінен бұрын жеңді. Есеп - 5:0.
Финалда Нұрсұлтан Тұрсынов ирандық Насер Гасем Ализадамен белдеседі. Былтырғы Азия чемпионатының ақтық сынында қазақ балуаны ирандыққа есе жіберген болатын.
Ал 2023 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатының ширек финалында Тұрсынов Ализадені 9:4 есебімен жеңді.
Бішкектегі Азия чемпионатының финалдық кезеңі сағат 17:00-де басталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!