Ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин премьер-лига клубтарының футболдан Қазақстан чемпионатының 23-кезеңінің қызылордалық Қайсар мен Тараз арасындағы ойынды тамашалады, деп хабарлады Vesti.kz. Жаттығудан сәл босаған Ильин туған қаласы Қызылордада болды, мұнда аталған кездесуді тамашалады. Ойыннан кейін Ильинге, сонымен қатар өзге ауыр атлеттер Алмас Өтешов пен Рүстем Сыбайға 12 номерлі Қайсар футболкалары ұсынылды. Еске сала кетейік, Қайсар - Тараз кездесуі 0:0 есебімен аяқталды. Дереккөз:www.inform.kz