«Қайраттың» қарсыласы Франция чемпионатын сәтсіз бастады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ eurocups-uefa.ru

Футболдан Франция бірінші лигасының бірінші тур ойындары кеше басталды. «Бордо» жаңа маусымдағы бірінші ойынын бүгін өткізді. «Шабан-Дельме» стадионындағы ойында алаң иелері бірінші болып есеп ашқанмен, жеңісті уысында ұстап қала алмады. 41 минутта Вахби Хазридің соққан голына 80 минутта Де Превиль жауап қатса, араға 7 минут сала Сибачо «Реймске» жеңіс сыйлаған голды соқты.

Айта кетейік, «Бордо» мен «Қайрат» арасындағы бірінші ойын 20 тамыз күні дәл осы «Шабан-Дельме» стадионында өтеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама