Алматының Қайрат футбол клубы Ресейдің Зенит командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. Ойын 9 қыркүйек күні Санкт-Петербург қаласында өтеді. Командалар жолдастық кездесу үшін ішкі біріншіліктегі үзіліс уақытын таңдаған. Зенит Ресей премьер-лигасының VI тур ойындарынан кейін 16 ұпаймен көш басында келеді. Ал Алматының Қайраты ел біріншілігінде 54 ұпаймен екінші орында тұр. Бірінші орындағы Астанадан 3 ұпайы кем. Айта кетейік, Қайратта кезінде Зенит командасы сапында доп тепкен Андрей Аршавин ойнайды. Осы маусымда футболшы 9 гол соғып үлгерді.