«Қайрат» пен «Тұлпардың» қарсыластары белгілі болды

Ербол Жұмабайұлы Корреспондент
Фото ©️ fckairat.kz

«Қайрат» С тобында өнер көрсетеді. Қарсыластары – «Югра» (Ресей), «Хрудим» (Чехия), «Дьор» (Венгрия). Ойындар қарашаның 10-15 аралығында Венгрияның «Магвашши Михай» спорт кешенінде өтеді.

Ал Қарағандының «Тұлпары» В тобына түсті. Италияның «Пескара», Бельгияның «Халле-Гооик», Македонияның «Железарец» командалары қарсылас атанды. В тобының ойындары Италияда өтеді.

Жалпы жеребе қорытындысы мынандай:

А тобы: «Интер» (Испания), «Лидсельмаш» (Беларусь), Кремлен-Бисетр» (Франция), «Добовец» (Словения).
B тобы: «Тұлпар», «Пескара» (Италия), «Халле-Гооик» (Бельгия), «Железарец» (Македония). 
D тобы: «Экономац» (Сербия), «Слов-Матик» (Словакия), «Бенфика» (Португалия), «Локомотив» (Украина). 
С тобы: «Қайрат», «Югра» (Ресей), «Хрудим» (Чехия), «Дьор» (Венгрия).

Элиталық раундтың жеңімпаздары келесі жылы сәуір айында өтетін финалдық кезеңге қатысады.

Ойындар кестесі:

С тобы

10 қараша

«Дьер» (Венгрия) – «Эра-Пак» (Чехия)
«Қайрат» (Қазақстан) – «Газпром-Югра» (Ресей)

11 қараша

«Дьер» – «Газпром-Югра»
«Эра-Пак» – «Қайрат»

13 қараша

«Газпром-Югра» – «Эра-Пак»
«Қайрат» – «Дьер»

В тобы:

11 қараша

«Тұлпар» (Қазақстан) – «Халле-Гооик» (Бельгия)
«Пескара» (Италия) – «Железарец» (Македония)

12 қараша

«Железарец» – «Тұлпар» 
«Пескара» – «Халле-Гооик»

14 қараша

«Халле-Гооик» – «Железарец» 
«Тұлпар» – «Пескара»

Дереккөз: Baq.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама