«Қайрат» пен «Тұлпар» жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент

Алматыдағы Балуан Шолақ  спорт кешенінде өткен кездесулерде жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Қарағандылық «Тұлпар» босниялық «Танго» клубымен кездесіп, 8:3 есебімен басым түсті.

«Тұлпар» — «Танго» 8:3 (3:3)
Гол: Есенаманов 2, 23, 25, Довгань 11, Дуглас 14, 34, Алекс 22, Талес 36 — Эрич 10, 20, Гушо 12
Ескертулер: Чампара 39
«Тұлпар»: Жеронимо, Есенаманов, Нұрғожин, Алекс, Довгань, Перемышлин, Мун, Гребонос, Першин, Талес, Шорин, Таку, Дуглас
«Танго»: Делехасанович, Чампара, Силович, Радмилович, Эрич, Генго, Хасанспахич, Иконич, Танаскович, Джудерия, Юсич, Гушо, Новоселац
Төрешілер: Олег Иванов (Украина), Онджей Черны (Чехия)

Ал «Қайрат» белоруссиялық «ВитЭн» клубының қақпасына жауапсыз тоғыз допты тоғытты.

«Қайрат» — «ВитЭн» 9:0 (3:0)
Гол: Бетао 5, Фумаса 16, 39, Лео 19, 24, 25, Лео Сантана 21, 28, Пенгрин 39
Ескерту: Юрага 39
«Қайрат»: Игита, Сулейменов, Лео Сантана, Фумаса, Жоан, Халявин, Жива, Эулер, Жаманқұлов, Пенгрин, Лео, Мораэс, Барон, Бетао
«ВитЭн»: Щербаченя, Савинцев, Алейников, Черник, Крыкун, Мороз, Лихач, Юрага, Шиловский, Лемешко, Скварчевский, Федоринчик, Агейчик
Төреші: Иван Шабанов (Ресей), Богдан Сореску (Румыния)

Енді 22 қарашада «Қайрат» «Тангомен», «Тұлпар» «ВитЭнмен» кездеседі. 24 қарашада «Қайрат» -»Тұлпар», «ВитЭн» — «Танго» кездесулері өтеді. Ескере кететін жайт, топта бірінші орын алған команда ғана төрттік финалға шығатын болады. Ал өткен жылы УЕФА кубогы «Қайратқа» бұйырған еді.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама