12 шілдеде Қайрат және Ертіс клубтарыЕуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындарын өткізді. Қайрат футболшылары андорралық Энгорданиді тас-талқан етті. Андорра-ла-Вельядағы Комуналь стадионында өткен ойын 3:0 есебімен аяқталды. Есеп ойынның бесінші минутында ашылды, Энгорданидің 37 жастағы қорғаушысы Вальтер Вагнер Қайраттың украиналық ойыншысы Адеринсола Эсеоланың пасын тоқтатпақ болғанда допты өз қақпасына кіргізіп алды. Екіншіголға да Эсоланың қатысы болды форвардқа берілген пенальтиді Қайрат капитаны Бауыржан Исламхан теуіп, 25 минутта тағы бірголкірді.Алматылық клубтың венгриялық форварды Мартон Эппель 90 минутта салынған үшінші голдың авторы болды. Қарымта ойын 19 шілде күні Алматының Орталық стадионында сағат 19:00-де өтеді.Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі қазақстандық үшінші команда Ертіс, литвалық Тракай клубымен кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті. Бүкіл ойын бойы екі команда бір-бірінің қақпасын торуылдаумен болды. Бірақ бір де бірголсоғылмады. Алайда, Ойрат Садуовтың командасында жеңісті жұлып әкететін зор мүмкіндік болды. 86 минутта Тракай қақпасына пенальти беріліп, оны Сергей Кисляк сәтсіз орындады. Жеңімпаз 19 шілде күні сағат 21:00-де Павлодар Орталық стадионында анықталады.