"Қайрат" қорғаушысы 7 ойынға шеттетілді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ YouTube

Тәртіптік-бақылау комитеті "Ертіс" пен "Қайрат" арасындағы ойында Елдос Ахметовтің ойыннан қуылған сәтін қайта қарап, өз шешімдерін шығарды. Футболшы бірінші таймда сары қағаз алып, бірер минуттан кейін қызыл қағазбен ойыннан қуылған-ды. Төрешілер департаментінің директоры Николай Левников төрешінің шешімін оң бағалады. Футболшы ойын ережесін бұзып қана қоймай, бейәдеп сөздер айтқан.

Қорғаушы үшін биылғы маусым аяқталды деп айтуға болады. 14 қазанда өтетін Ел кубогының финалына ғана емес, "Қайраттың" ел чемпионатында қалған үш ойынына да қатыса алмайды. Одан өзге келесі маусымда өз командасының алғашқы үш кездесуіне қатыспайды.

"Қайрат" командасының бас жаттықтырушысы Карлос Феррер де 150 000 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Испандық маман жаттықтырушылар отыратын жолақтан шығып, ереже бұзған.

 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама