Алматының Қайрат футбол клубы бразилиялық ойыншыХуан Фелипе Алвес Рибейроменкелісімшарты жайлы ресми түрде хабарлады. Команда мен ойыншы 1+1 жүйесі бойынша келісімге келген. Футболшы жаттығуын Сантос командасы сапында бастаған. Алғашқы кәсіби командасы Саунту-Андре. Одан кейін жартылай қорғаушы өз елінде Ред Булл Бразил және Сао Карлос клубтарында ойнаған. Боливияның Ориенте Петролеро командасында доп тепкен. 2014 жылы Софияның ЦСКА командасына ауысып келген. Соңғы рет футболшы Македонияның Вардар командасында ойнаған. 2017 жылы командамен Еуропа лигасында ойнап, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Ал ішкі чемпионатында 23 ойынға қатысып, 7 гол соққан. Хуан Фелипе Қайратта 30-ші нөмірмен ойнайды. Жартылай қорғаушының жасыл алаңдағы басты қызметінің бірі - шабуыл шебіндегі командаластарына көмектесу.