Алматының Қайрат футбол клубы қазіргі бас жаттықтырушы испандық Карлос Феррермен келісімшартын ұзартқанын хабарлады. Клуб пен жаттықтырушы арасындағы жаңа келісімшарт мерзімі екі жылға жоспарланған. Өзге талаптары белгісіз. Карлос Феррер алматылық команданы осы жылдың шілде айынан бері жаттықтырып келеді. Испандық маман команданы 14 рет ойынға бастап шығып, 1 кездесуде ғана қарсыластарымен тең түсті. Қазақстан кубогы мен ел премьер-лигасының күміс жүлдесін жеңіп алды. Жаттықтырушы жұмысына кірісе сала команда 8 ойын қатарынан жеңіске жетті. - Мен Қайратпен келісімшартты ұзартқаным үшін бақыттымын. Өз мақсатымызға жету жолында бар күшімізді салатын боламыз. Қайрат кемел клуб. Мұндай клубқа жоғары жетістік керек. Біз осы жолда тер төгеміз, - деді жаттықтырушы клубтың ресми сайтына берген сұхбатында. Айта кетейік, осыған дейін Қайрат командасынан Жерар Гоу, Сезар Арсо мен Жарко Марковичтің кеткені белгілі болған еді. Алдағы уақытта Бауыржан Тұрысбек те өзге командалардың біріне ауысуы мүмкін деген ақпараттар айтылуда. Сондай-ақ, ресейлік футболшы Андрей Аршавинмен келісімшартын тағы бір маусымға ұзартқан болатын.