“Қайрат“ жаттықтырушысы маусым алдындағы жоспарларымен бөлісті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ fckairat.com

- Қазақстан жастары Ресейде өткен Гранаткин мемориалы турнирінде сәтті өнер көрсетті. Жас ойыншылар Айдос Орал мен Еркебұлан Сейдахмет көзге түсті. Команданың жаттықтырушылар құрамы бұл ойыншыларға назар салды ма?

- Біз жас ойыншыларды да, тәжірибелі ойыншыларды да қарастырдық. Оқу-жаттығу жиындары кезінде бізбен талай талантты ойыншылар жаттықты. Мансап жолына енді түскен жас футболшылар толысу үстінде десек болады. Сондықтан оларды бірден негізгі құрамда ойната алмаймыз. Жас ойыншылармен жұмыс жасайтын "Қайраттың" арнайы жаттықтырушылары бар. Олардың кеңесін басты назарға аламыз. Олар талантты ойыншыны тапқанмен, ол бірінші құрамда жаттығу жасауға дайын болмаса, біз оны босқа уақытын алатын боламыз. Уақыты келгенде олар да өз мүмкіндігін алатын болады.

- "Қайрат" екінші шабуылшы ала ма? Жерар Гоу соңғы уақытта көп жарақат алып жүрген секілді?

- Біз алдағы ойындарға ойын жоспарын құрып қойғанбыз. Орталық шабуылшы қызметін Бауыржан Тұрысбек тамаша орындай алады деп сенеміз. Оқу-жаттығу жиындарында бұл үддеден шыға білді. Әсіресе, Мәскеудің "Динамо" командасына қарсы ойында тамаша ойынымен көзге түсті. Басшылық бұл сұрақты ешқашан назардан тыс қалдырмаған. Ойыншы алу үшін де оның командаға тигізетін пайдасын сараптап алу керек. Бұл бағытта жұмыстар жасалып келеді. Жақында команда құрамы тағы да жаңа ойыншылармен толығып қалуы бек мүмкін.

- "Қайрат" не үшін Бруно Соаресті командада алып қалмады?

- Тізе жарақаты – өте ауыр жарақат. Кезінде өзім де осыдан зардап шеккенмін. Қайта қалпыңа келу қиын. Өкінішке орай, Бруно былтыр тізеден жарақат алды. Ол үшін барлығын жасадық. Маусым соңына дейін сауығып кетуін күттік. Сегіз ай ішінде бар жағдайы жасалды. Өкінішке орай, футболшы бұрынғы қалпына келе алмады. Оқу-жаттығу жиындары кезінде жаттығуларды толықтай орындай алмады. Біз оған негізгі командада жаттыққанымен, бірінші лигада ойнау туралы ұсыныс жасадық. Ол келіспеді. Сондықтан өзге командаға ауысуға шешім қабылдады. Оның деніне саулық, алдағы ойындарына сәттілік тілейміз.

Айта кетейік, "Қайрат" 4 наурыз күні Алматыда ел Суперкубогына таласатын болады. Бұл ойында өткен маусымдағы ел чемпионы "Астанамен" ойнайды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама