"Қайрат" жастары сапын "Орынборда" ойнаған қазақ футболшысы толықтырды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ fckairat.kz

20 жастағы қазақ футболшысы Орынбор облысы Новотроицк қаласында дүниеге келген. Спорттық мансабын 2013 жылы "Носты" командасы сапында бастаған. Ал соңғы үш маусымда Орынбор футбол клубының қосалқы құрамында ойнап келген.

Самат Сәрсенов осы маусымда дубль команданың капитаны қызметін атқарды. Жастар арасындағы турнирде 10 ойынға қатысып, 3 гол соқты.

Қазіргі таңда Самат Сәрсенов "Қайрат А" командасының құрамына тіркелді. Бірінші лигада ойнайтын болады. Футболшының командамен келісімшарты үш жылға жоспарланған.

Айта кетейік, Самат Сәрсенов – этникалық қазақ. Ойыншы Ресей азаматтығын алған. "Қазақстан футбол мектебінің түлегі" ережесіне сәйкес ол легионер болып саналады. Шетелдік футболшы атанбас үшін ол Қазақстан жастар және ұлттық құрамада бір-бір ресми ойынға қатысуы тиіс.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама