«Қайрат» жаңа ойыншымен толықты

О Сансызбай Корреспондент

Клуб пен футболшы 1+2 жүйесімен келісімшартқа қол қойған. Алдағы уақытта ойыншы Владимир Вайсс командасының шабуыл шебіне көмектесетін болады.

Ибрахим Моро Гананың Ашанти қаласының жергілікті «Нью Эдубьес Юнайтед» командасының түлегі. 2010 жылы клубпен кәсіби деңгейде келісімшартқа қол қойған. Араға екі жыл сала ел кубогының финалында жеңіс голын соққан. Спорттық мансабындағы ірі жетістік әзірге осы кубокпен шектелген екен. Гана кубогын жеңіп алғаннан кейін жартылай қорғаушы стокгольмдік «АИК» командасына ауысқан. Алғаш рет Еуропа лигасы ойындары аясында мәскеулік «ЦСКА»-ға қарсы ойында алаңға шыққан.

1993 жылы дүниеге келген футболшы Қазақстанға алғаш рет ат басын бұрып отырған жоқ. Осы маусымда Еуропа лигасындағы «АИК» командасы сапында «Астанаға» қарсы екі ойында да негізгі құрамда ойнаған. Бойы – 182 сантиметр, салмағы – 69 келі.

Футболшы Гана жастар құрамасының әр түрлі жастағы құрамдарында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, өткен маусымда швециялық ұжымның сапында 23 ойынға қатысып, 2 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген екен. 

Сурет: blackbeat.se

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама