Футзалдан УЕФА кубогының элиталық кезеңіндегі іріктеу ойындары басталды. Алматының Қайрат командасы топтағы бірінші ойында Румынияның Дева командасынан басым түсті. Қайрат бақ сынайтын элиталық кезеңнің топтағы ойындары Испанияның Торрехон-де-Ардос қаласында өтуде. Топтағы бірінші ойында Қайрат Деваны 5:2 есебімен ұтты. Алматылық клуб сапынан Лео мен Хоссейн Тайеби екі-екі голдан соқса, қақпашы Игита бір допты өз еншісіне жазды. Қайрат пен Девадан өзге топта Испанияның Интер Мовистар және Португалияның Брага командалары бар. Бұл командалар арасындағы ойында испандық ұжым 7:0 есебімен жеңіске жетті. Бүгін Қайрат Брагамен кездеседі. Топта бірінші орын алған команда ғана Төрттік финалына шығады. Қайрат (Қазақстан) - Дева (Румыния)5:2 Голдар:Лео 7, 32, Игита 16, Тайеби 22, 35 Матей 2, 34 Қайрат:Игита, Дуду, Даниэль, Дуглас, Тайнан, Сүлейменов, Жаманқұлов, Есенаманов, Першин, Лео, Дрот, Тайеби, Эдуардо, Алешандре Дева:Тоница, Панзару, М. Матей, Паулу Ферейра, Ф. Матей, Саву, Игнат, Обадэ, Стойка, Такот, Чомо Төрешілер:Саша Томич (Хорватия), Паскаль Лемаль (Бельгия) Ескертулер:Тайнан 26 - Такот 32 23 қараша, Торрехон-де-Ардос, Пабельон Хорхе Гарбахоса