«Қайрат» футзал клубы «төрттік финалында» бақ сынайды

О Сансызбай Корреспондент

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен ойында қазақстандық команда 6:3 есебімен жеңіске жетті. «Қайрат» сапынан қақпашы Игита мен Алешандре Диване бір-бір голдан соқса, Михаил Першин мен Лео дубль орындады.

«С» тобындағы үш ойында да жеңіске жеткен «Қайрат» енді «төрттік финалында» бақ сынайтын болады. Алматылық клубтан өзге бұл кезеңге мәскеулік «Дина», каталондық «Барселона» және лиссабондық «Спортинг» жолдама алды. Енді 2014/2015 жылғы «төрттіктің финалын» аталған төрт клубтың бірі өз жерінде қабылдайды. Ойындар 2015 жылдың сәуір айына жоспарланған.

Элиталық кезеңдегі жолдамаға ие болған төрт команда өз тобындағы үш ойында да жеңіске жетті. Ішінде ең көп гол соққан «Қайрат» (голдар айырмасы 28-12) болса, ең аз гол соққан – мәскеулік «Дина» (голдар айырмасы 12-5). Өз қақпаларына ең көп гол жіберген де алматылық клуб болса, ең аз гол өткізген испандық «Интер Мовистар» (голдар айырмасы 10-1) өз тобынан шыға алмады. «Төрттік финалына» жолдама алған командалар арасында каталондық «Барселона» қақпаларына 2 гол ғана өткізген.

«Экономац» (Сербия) – «Қайрат»  (Қазақстан) - 3:6 (1:4)

Голдар: Даниэл 4, 22, Матиевич 24  – Лео 3, 37, Игита 4, Алешандре 11, Першин 15 (дабл-пенальти), Диваней 21

«Қайрат»: Маркао, Игита, Жаманқұлов, Жоан, Сүлейменов, Лео, Першин, Алешандре, Довгань, Дуглас, Диваней, Кайо

«Экономац»: Йованович, Момчилович, Божич, Матиевич, Даниэл, Пршич, Рамич, Бойович, Стойкович, Степич, Алексич, Остич, Нене

Төрешілер: Томас Фрак (Польша), Марк Беркетт (Ұлыбритания)

Ескертулер: Даниэл 12, Алексич 15

Алаңнан қуылды: Алексич 32

Сурет: kairat-futsal.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама