«Қайрат» футзал клубы ел чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент

XVI турда «Қайрат» футзал клубы «Тұлпарды» 5:3 есебімен жеңді. Бірінші болып қарсыластар сапынан Болинья есеп ашқанмен, тайм аяқталғанша алматылық клубтың ойыншылары 3:2 есебімен алға шықты. Екінші таймда «Қайрат» сапынан Алешандре мен Сүлейменов гол соқса, «Тұлпар» ойыншысы Нұрғожин бір доппен ғана жауап қатты.

«Қайрат» - «Тұлпар» 5:3 (3:2)

Голдар: Умберто 10, Першин 14, Диваней 20, Алешандре 33, Сүлейменов 40 — Болинья 4, Пенгрин 19, Нұрғожин 35

Төреші: Қосмұхаметов (Қостанай), Борисов (Рудный)

17.04.2015. Алматы. «Қайрат». 300 жанкүйер.

Айта кетейік, «Қайрат» футзал клубы 24 сәуір күні УЕФА Кубогы аясында өтетін «үздік төрттік» финалына қатысады. Отандастарымыз жартылай финалда Ресейдің «Дина» командасымен кездеседі. Ал екінші жартылай финалда «Спортинг» пен «Барселона» ойнайды. Жеңімпаздар чемпиондық атақты сарапқа салса, жеңіліс тапқан екі ұжым қола жүлдеге таласатын болады. «Төрттік финалы» Португалия Астанасы Лиссабонда өтеді. 

Сурет: kairat-futsal.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама