"Қайрат" Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ Қайрат ФК

Орталық стадионда өткен ойында қазақстандық клуб Босниядан келген қарсыластарын 2:1 есебімен ұтты. Широки Бриегте өткен бірінші ойында да дәл осындай есеп айырмасымен жеңіске жеткен болатын.

Ойындағы үш гол да соңғы минуттарда соғылды. Ал оған дейінгі уақытта футболшылар өз мүмкіндіктерін пайдалана алған жоқ. Әсіресе, "Қайрат" ойыншыларында ертерек гол соғатын сәттер молынан болды.

90 минутта Украинадан келген бас төреші Шурман "Қайрат" қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік соққыдан Дразен Багарич мүлт кетпеді.  Алексей Шпилевский шәкірттері бұл голдан кейін қарымта шабуылды күтті. Команда капитаны Бауыржан Исламхан бастаған соңғы шабуылдар сәтті аяқталды. Қосымша уақытта Рамазан Оразов таразы басын теңестіріп, Исламбек Қуат жеңіс сыйлаған голды соқты.

Алматылық клуб екінші кезеңде Израильдің "Хапоэль Беэр-Шева" командасына қарсы ойнайды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама