«Қайрат» Еременко кубогының финалына шықты
Жартылай финалда «Қайрат» қарсыластарының қақпасына 7 бірдей допты тоғытты. Гол авторлары – Серік Жаманқұлов, Михаил Першин, Эвертон және Игорь ойында покер авторы атанса, ресейлік команда үш доппен жауап қатты.
Қазақстандық клуб финалда Ресейдің «Тюмень» клубымен кездеседі. Ал «Астана-Тұлпар» үшінші орын үшін «Синараға» қарсы ойнайтын болады. Ойындар ертең өтеді.