Футзалдан Алматының Қайрат клубы Еременко кубогы халықаралық турнирінде үшінші жыл қатарынан жеңімпаз атанды. Ресейде өткен доданың соңғы ойынында қазақстандық клуб Ресейдің КПРФ клубын ұтты. 7:3 есебімен алматылық команда жеңіске жеткен ойында Қайрат сапынанХоссейн Тайебиекі гол соқса,Дуглас, Игита, Серік Жаманқұлов, Даниэль РосажәнеАлешандребір-бір голдан соқты. Ресейлік клуб сапынанПаулиньо(дубль) менАндрей Понкратовнәтижелі соққыларымен көзге түсті. Еременко кубогының биылғы жеңімпазы командалардың доп айырмашылығы бойынша анықталды. Қайрат бірінші ойындаНорильский никелькомандасына есе жіберіп (3:4), кейінгі ойында ЛатвияныңНикарскомандасын (7:3) ұтты. Халықаралық турнир биыл бесінші рет ұйымдастырылды. Қайрат төрт рет топ жарған, бұл жарыстағы жетістігі жоғары команда. Алматылық команда 2014 жылы және 2016-2017 жылдары жеңімпаз атанды. Еременко кубогы 2010 жылы дүниеден озған Константин Еременконы еске алуға арналған. 39 жасында көз жұмған спортшы 1999 жылы Ресей құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанды. ХХ ғасырдағы үздік ойыншылардың бірі. Футзалға үлкен футболдан ауысып келген.