«Қайрат» Еременко кубогын жеңіп алды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен ойында «Қайрат» қарсыластарын 4:1 есебімен жеңді. Алматылық клуб сапынан Игор, Серік Жаманқұлов, Игита және Алешандре гол соқты. Қарсыластар сапынан бір голды Артем антошкин өз еншісіне жазды.

Қазақстандық клуб өз тарихында Еременко кубогын екінші рет жеңіп алып отыр. Какау шәкірттері 2014 жылы бірінші рет жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Еременко кубогы турниріне «Қайраттан» өзге Қазақстанның «Астана-Тұлпар» клубы да қатысқан болатын. Олар үшінші орын үшін өткен ойында Екатеринбургтің «Синара» клубына ірі есеп айырмасымен есе жіберіп алды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама