Қазақстандық боксшыҚайрат ЕралиевАзия ойындарының алғашқы айналымынан аса алмады. 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатында топ жарған отандасымыздың Джакартада жолы болмады. 56 кг салмақта жұдырықтасатынҚайрат Ералиевтай боксшысыЧатчай Будтиденжеңілді. Жекпе-жекке қазылық жасаған бес төреші де жеңісті қарсыласына берді. Тай боксшысы 2015 жылғы Азия чемпионы. Сондай-ақ сары құрлықтағы түрлі халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген боксшы. Айта кетейік, осыған дейін Азия ойындарында 1/4 финалға бес боксшымыз шыққан еді.Асланбек Шымбергенов(69 кг),Азат Махметов(52 кг),Саматәлі Төлтаев(60 кг),Назым Қызайбай(51 кг) менСәния Сұлтанқызы(57 кг) жүлде жолында жарысты жалғастырады. Сондай-ақ бүгінТеміртас Жүсіпов(49 кг),Бекдәулет Ибрагимов(64 кг) пенӘбілхан Аманқұл(75 кг) Азия ойындарындағы алғашқы кездесуін өткізеді.