Қайрат Ералиев әлем чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Финалда Қайрат Ералиев америкалық Дюк Роганды 3:2 есебімен жеңді. 

Қазақстандық боксшы халықаралық ірі жарыстарда алғаш рет жеңіс тұғырынан көрініп отыр. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында қола алса, 2014 жылы Азия ойындары, 2015 және 2017 жылдары Азия чемпионатында да қола алған еді. 

Айта кетейік, кеше Жомарт Ержан (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі) және Василий Левит (91 келі) қола жүлдегер атанған еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама