Қайрат Ералиев әлем чемпионатында өзбек боксшысын жеңді
Қайрат Ералиев Рио Олимпиадасының ширек финалында осы өзбек боксшысынан жеңілген еді. Бұл жолы қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, сол кеткен есенің орнын толтырды.
Мураджон Ахмадалиев 56 келіге дейінгі салмақта бас жүлдеден үмітті боксшылардың бірі болатын.
Айта кетейік, осыған дейін 49 келіге дейінгі салмақта Жомарт Ержан филиппиндік Роген Ладонды жеңіп, ширек финалға шыққан еді.