"Қайрат" – чемпион! 16 жылдан соң топ жарды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Фото ©️ fckairat.kz

Премьер-лиганың 17 туры аясында Алматының орталық стадионында "Қайрат" жүлдеден үмітті  "Ордабасыны" қабылдаған. Матчтағы есепті 36-шы минутта тәжірибелі шабуылшы Вагнер Лав ашты. Ал араға екі минут салған соң Нұрәлі Әліп пенальтиден есепті еселей түсті.

Ойынның екінші бөлігінде чемпионаттың сұрмергені Жоао Пауло гол соғып, есептегі айырманы қысқартқан. Алайда "Қайрат" қайта қарқын алған соң шымкенттік команда тойтарыс бере алмай, автогол соғып алды. 

Осылайша матч 3:1 есебімен "Қайраттың" пайдасына шешілді. 17 ойында 44 ұпайды қанжығасына байлаған алматылық команда екінші орында тұрған "Астананы" 17 ұпайға озып кетті. Ал үшінші орын үшін талас өрби түсті. "Астана" мен "Ордабасының" қоржынында бірдей 27 ұпайдан бар, ал "Тобыл" бір ұпайға қалып келеді.

Қазақстан Премьер-лигасы. 17 тур

"Қайрат" –  "Ордабасы" 3:1 

Соғылған голдар: Вагнер Лав 36', Нұрәлі Әліп 38', Жоао Пауло 77', Ұлар Жақсыбаев (автогол) 80'

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ҚАЙРАТ» ФК | FC KAIRAT (@f.c.kairat)3 Ноя 2020 в 3:02 PST

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ҚАЙРАТ» ФК | FC KAIRAT (@f.c.kairat)3 Ноя 2020 в 3:03 PST

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама