«Қайрат» бразилиялық қорғаушымен толықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ fckairat.kz

27 жастағы футболшы спорттық мансабын «Коритиба» клубында бастаған. 2008 жылы «Парана» клубы сапына ауысқан. Араға бір жыл сала бразилиялық қорғаушы Германияның «Дуйсбург» клубына ауысады. 2011 жылы клубпен Германия кубогының финалына дейін жетіп, күміс жүлдегер атанған. «Дуйсбург» сапында үш маусым өнер көрсеткен ойыншы кейіннен екінші бір неміс ұжымы «Фортуна» сапына ауысады. Дюссельдорфтық клубтың қатарында қорғаушы 20-дан астам ресми кездесулерге қатысқан.

«Қайрат» пен клуб басшылығы үшжылдық келісімшартқа қол қойған. Бруно Габриэль Соарес клубта 4-ші нөмірмен өнер көрсететін болады. Жаңа ойыншы ел премьер-лигасындағы ең қымбат футболшылардың ондығына еніп отыр. Немістің «Transfermarkt.de» сайтының ақпараты бойынша, Бруно Габриэль Соарес 900 мың евроға бағаланып отыр.

Айта кетейік, кеше Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының жеребесі тартылып, «Қайратқа» Сербияның «Црвена Звезда» клубы қарсылас атанған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама