Катарда Данияр Елеусіновке алтын бұйырмады

Серікбол Ерсін Корреспондент
Фото ©️ вк

Ұлттық құрама капитаны үш раунд бойы жұдырықтасып, нәтижесінде 1:2 есебімен жеңіліс тапты.  Өкінішке орай, Қазақстандық боксшы марокколық Мохаммад Рабииден басым түсе алмады. Осылайша Катардағы бокстан әлем чемпионатында боксшымыз күміс медальге ие болды.

Айта кетейік, жерлесіміз Данияр Елеусінов келесі жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды. Бұған дейін Олимпиада лицензиясына қазақстандықтардан Біржан Жақыпов, Берік Әбдірахманов, Василий Левит иелік еткен болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама