Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Головкинді жеңіске жетуімен құттықтады

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Фото ©️ The Sun

"Геннадй сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады!", - деп жазды президент Twitter-парақшасында

GGG бүгін АҚШ төрінде польшалық Камил Шереметаға қарсы жұдырықтасты. Холливудта өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі 12 раундқа жоспарланған еді. Қазақстандық боксшы шаршы алаңдағы шайқасты 7 раундпен аяқтады. Қарсыласы жұдырықтасу үшін 8 раундқа шықпады.

Геннадий Головкин 21-ші рет чемпиондық атағын сәтті қорғап, әйгілі Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Америкалық боксшы өз рекордын 1995-2005 жылдары орнатса, Гена бұл межені одан 2 жыл ерте (2010-2018) бағындырып шыққан еді.

Айта кетейік, Холливудтағы бокс кешінде қазақстандық Али Ахмедов те шаршы алаңға шыққан болатын. Эквадорлық боксшы Карлос Гонгорадан жеңіліп, чемпиондық атаққа қол жеткізе алмады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама