Қазақ әншісі Ибрагим Ескендір кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Көк тудың желбірегені деген әнімен танымал әнші Алматыда өткен бокс кешінде тәжікстандық Расул Самадовты 15 секундта жеңіп шықты. Екінші орта салмақта бақ сынайтын боксшылардың жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған болатын. Шаршы алаңдағы шайқас басталысымен Ибрагим қарсыласын бірден соққыларының астына алды. Нәтижесінде тәжікстандық боксшы тізерлеп, жекпе-жекті жалғастыруға қауқарсыз болды. Ибрагим Ескендір кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Осы айдын басында Мәскеуде қырғыз боксшысы Шерғазы Шақтановты екінші раундта нокаутпен жеңген еді.