Қаршыға Дәуітбек жапон кикбоксының жұлдызын жеңіп шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ RIZIN

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек (66 келі) жоспарланған үш раундқа созылды. Бірінші және екінші раундта спортшылар тұрып жүріп жұдырықтасса, соңғы раундта Қаршыға күресте басымдығын байқатты.

Қаршығаның қазіргі көрсеткіші - 17-3. Rizin турниріне алғаш рет 2018 жылы қатысып, төрешілер шешімімен есе жіберген.

Қазақстандық спортшы биыл Жапонияға барып, турнирлерде бақ сынай бастады. Top Brights-та бір рет, Rizin-да үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама