Карлес Пуйоль «Барселонадан» кететінін мәлімдеді

Шерхан Талап Корреспондент

Енді Пуйоль біраз уақыт тынығып, алдағы жоспарларын пысықтап алмақшы. Футболшы маусым аяқтала салысымен кеңейтілген баспасөз мәжілісін өткізіп, толығырақ алдағы ойларымен бөлісетін болады.

Соңғы кезде ол жарақатына байланысты ішкі біріншіліктегі ойындарға қатыса алмай жүрген еді. Өткен маусымдағы Испания премьер-лигасында бар болғаны бес ойынға қатысып, бір ғана доп соққан.

35 жастағы қорғаушы «Барселонада» 1999 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол каталондықтардың сапындағы осы уақыт аралығында 593 ойын өткізіп, 18 доп соққан екен.

Карлес Пуйольдың «Барселонадағы» жиырма жылы турасындағы фотосуреттерге кезек береміз.

Карлес 1993 жылы муниципалитеттегі сүйікті командасы Побла-де-Сегурде доп теуіп жүрді. Алғаш қақпашы болып жүрген кезінде жауырынын жарақаттап алып, шабуылшылыққа көшуге тура келеді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/HTdfrlhQPKw&list","width":"450","height":"338"});

Пуйоль 1995 жылы «Барселонаға» тас-қамал қорғаушы болып келеді.

Алдымен балалар клубында, жасөспірімдер қатарында, одан қосалқы құрамда болып, бірінші қорғаушы дәрежесіне дейін көтеріледі. 

«Барселонадағы» алғашқы ойыны 1999 жылы орын алады. 

2003 жылы «Барсаның» қаржылық жағдайы қиындап, қарызы 140 млн евроға дейін өсіп кетеді. Амалсыз клуб басшылары көшбасшы ойыншыларының бірін сатуға бел буады. Бұл жағдайды «Манчестер Юнайтед» пайдаланып қалғысы келіп, 17 миллиондық ұсыныс жасайды.

Пуйоль: «Бұл егер расымен де клубқа көмектесетін болса, мен «МЮ-ге» барамын», - деп қайсарлық танытады.

Бір жылдан соң Луис Энрике спорттық мансабын аяқтап, Карлес жаңа капитан атанады.

Және де алғаш рет Испания чемпионатын жеңіп алады.

Пуйоль 2005/06 жылғы маусымда 55 ойын өткізіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасын ұтып алады.

Карлес 2008 жылдың қыркүйек айында «Барселона» сапында 400 ойын өткізеді. 

2009 жыл - екінші Чемпиондар лигасы.

Әлем чемпионатындағы әдемі ойын.

2011 жыл - үшінші Чемпиондар лигасы.

Жетістіктері:

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: eurosport.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама