Қарағанды облысының әкімі Головкинді туған күнімен құттықтады
- Бүгін Қазақстанның батыры, атақты чемпион @GGGBoxing туған күні! Мықты денсаулық, бар жақсылық тілеймін. Сені мақтан тұтамыз! Жаңа жеңістер тілейміз! Біз әрқашан сенімен біргеміз!, -деп жазды әкім.
Бүгін Қазақстанның батыры, атақты чемпион @GGGBoxing туған күні! Мықты денсаулық, бар жақсылық тілеймін. Сені мақтан тұтамыз! Жаңа жеңістер тілейміз! Біз әрқашан сенімен біргеміз! pic.twitter.com/7YkOrjzgOQ — Erlan Qoshanov (@EQoshanov) 8 апреля 2019 г.
Егіз Головкиндер 1982 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Әкесі кәсібі бойынша кенші болса, анасы химиялық лабораторияда көмекшілік қызметте болған. "Әкем – орыс, шешем – кәріс, ал мен – қазақпын" деген Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы ең алғашқы жекпе-жегін 2006 жылы 6 мамырда өткізген. Содан бері шаршы алаңға 38 рет шығып, 36-да жеңіске жетті. Мексикалық Сауль Альвареске қарсы бір жекпе-жекте тең түсіп, бір кездесуде жеңіліс тапты.
Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі маусым айына жоспарланған. Қарсыласы әзірге белгісіз. Дегенмен бейресми ақпараттар бойынша WBC Silver белбеуінің иегері француз Хассан Ндам Нжикаммен жұдырықтасуы мүмкін.