Индонезия жерінде өтіп жатқан XVIII Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тоғызыншы алтын медальмен толықты. Каноэ мен байдаркада ескек есушілер Азия чемпионы атанды. 500 метрлік қашықтықта бақ сынаған И. Голендов, С. Токарницкий, А. Дергунов, Е. Алексеев мәреге бірінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші 1.24.203 минутты құрады. Күміс жүлдені Оңтүстік Корея құрамасы (1.25.313), қоланы ирандықтар (1.26.939) еншіледі. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 9 алтын 11 күміс 34 қола медальмен жалпы есепте 11-орында келеді.