Канело жеңіліп көрмеген қырғызстандықпен айқас туралы ойын айтты
"Егер Биволмен қарымта өтетін болса, мен жартылай ауыр салмаққа көтеріле аламын. Бұл айқасты аңсап жүрген жоқпын, бірақ мүмкіндік туса, тараптар қандайда бір келісімге келе алса, мен жекпе-жекке шығар едім", - деп береді Альварестің сөзін One On One|Boxing YouTube арнасы.
Канело бірінші рет Биволмен 2022 жылы мамырда Лас-Вегаста жұдырықтасып, төрешілер шешімімен (115-113 үшеуі де) жеңіліп қалған еді.